Татьянаның суреті таңғалдырды

585
көрілім

Қыркүйек айында ШҚО түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар арасында «Үміт 2021» атты қолданбалы және сурет өнерінен байқау өтті.
«Үміт-2021» конкурсының мақсаты сотталғандарды эстетикалық тәрбиелеу, таланттарды тану еді.
 Сотталғандардың табиғат сұлулығын, өнер туындыларын, әдебиет пен кескіндемені түсінуін дамытуға бағытталған. Аталған байқауға ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінде жазасын өтеушілердің барлығы қатысты. Шаруашылық қызмет көрсету жасағынан сотталған Татьянаның ең үздік жұмыстарының бірі қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша сотталған Татьянаның «Гармония» атты жұмысы 3-ші жүлделі орынға ие болды.

Ол ОВ-156/1 тәрбие бөлімінің қызметкерлері өткізетін барлық тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысады. плакаттар салады және өлеңдер жазады-дейді жасақ бастығы әділет майоры Татьянаның айтуынша, бұл іс-шара сотталғандардың талантын ұштауға мүмкіндік берді. «Үміт-2021» байқауында 3-ші орын алғаны үшін сотталған Татьяна ақшалай сыйақымен және ҚАЖД дипломымен марапатталады.