Тіке тартпақ

576
көрілім

Бұдан былай оңір тұрғындары Семей қаласындағы әуежайдан Ресей мен Түркияға тіке ұша алатын болады, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сүйене отырып.

Семей әуежайы мен оның ұшып-қону алаңын қайта жөндеуден өткізу 2016 жылы қолға алынған болатын.

- Әуежай қолданысқа берілген соң Омбы әуежайымен бәсекеге түсе алатын болады, - деп хабарлайды Аймақтық коммуникациялар қызметі. - Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Мәскеуге, Санкт-Петербургке, Түркияға және әлемнің басқа қалаларына тікелей ұша алатын болады.

Әуежай құрылысымен танысқан өңір басшысы Даниал Ахметов жұмыстың жақсы жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

- Жұмыс барысы жақсы, дегенмен бұдан да жақсы болғанын қалаймыз. Осы себепті әуежайдың бірқатар жерлерін өзгерту керек. Компания қазіргі уақытта дизайнер мамандарды шақырып, қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр, - деп қосты облыс әкімі.

Ерлен ОСМАНОВ