Полицейлерге халықпен видеотіркегішсіз жұмыс істеуге тыйым салынады. Бұл жөнінде Хабар телеарнасының «7 күн» бағдарламасында сұхбат берген Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды газет тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
- Полицейлерге халықпен видеотіркегішсіз жұмыс істеуге тыйым саламыз, - деді Қасымов.
Сондай-ақ сұхбат барысында ІІМ басшысынан ішкі істер органдарындағы жемқорлықтың деңгейіне баға беру сұралды.
Реформадан кейін полицейлердің жалақысы қандай болады?
- Жемқорлық деңгейі шамамен орташадан жоғары. Бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Министрдің блогы бар, портал жұмыс істеп тұр. Кез келген адам хабарласа алады. Полицейлер жасаған қылмыстың 53-54 пайызын біздің Өзіндік қауіпсіздік департаментіндегілер анықтап жатады. Яғни біз қылмыстарды өзіміз анықтап жатырмыз. Жемқорлықпен күресетін қызмет жұмысын күшейтеміз. Қызметтерімізді электронды форматқа ауыстырамыз, - деді ішкі істер министрі.
Ерлен ОСМАНОВ