Тіркеуден шығара аламын ба?

295
көрілім

Көлігімді 2013 жылы нотариалды түрде расталған сату-сатып алу келісімшарты арқылы сатқан едім. Оның қазіргі қожайыны осы күнге дейін көлікті өз атына ресімдеген жоқ. Қолымда аталмыш автокөлік бойынша қарыздың жоқтығы туралы келісімшарт пен салық органдарының анықтамасы бар. Білгім келетіні, құзырлы мекемеге автокөлікті өзім жүгініп есептен шығарта аламын ба?

Бердібек Р., Үржар ауданы

Сіздің сұрағыңызға жауап ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің ресми сайтында былай деп берілген:

- ҚР Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығымен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларының 67-тармағына сәйкес, көлік құралын техникалық куәлігінсіз және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз есептен шығаруға болатындығы көрсетілген. Бірақ ол үшін көлік иесі аталмыш автокөлікті соңғы үш жылда қолданбағанын дәлелдеуі керек. Аталмыш мемлекеттік қызметті алу үшін ол ішкі істер органының тіркеу-емтихан бөліміне жүгініп, өзімен бірге жеке куәлігін, көлік салығын төлегендігі туралы анықтамаларды ала баруы қажет.