Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты

444
көрілім

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болған марқұмдардың туыстары мен отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Бүгін, 27 желтоқсан күні ұшақ апатынан қайтыс болған марқұмдардың туыстары мен отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге міндетті түрде көмек көрсетіледі, деп жазды Президент Twitter әлеуметтік желісінде.

Сонымен қатар Асқар Маминнің басшылығымен үкіметтік комиссия құрылғанын да айтып өтті.

- Кінәлілердің барлығы заңға сәйкес қатаң түрде жазаланатын болады, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында ұшқан «Bek Air» әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Біраз уақыттан кейін ұшақ апатқа ұшырағаны мәлім болды. Ұшақ ішінде 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.