Тонналап тәркіледі

424
көрілім

Облыс орталығында атақты Колхозная көшесіндегі үйлерден бірнеше тонна алкоголь өнімі тәркіленді. Тәртіп сақшыларының заңсыз арақ сатумен айналысатын саудагерлермен күресі жайын YK-news.kz сайты жазды.

- Жыл басынан бері полиция қызметкерлері Өскемен қаласының Колхозная көшесіне 11 рет рейд ұйымдастырды, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Алкогольді өнімдерді заңсыз сатудың 14 фактісі анықталып, полицейлер үш мың литрге жуық арақ-шарап өнімдерін тәркіледі.

Өткен аптада алкогольді өнімдерді жеке тұрғын үйінде заңсыз сатумен айналысқан тағы екі тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Ерлен ОСМАНОВ