Топқайың ауылындағы су құбырын жөндеуге 77 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

502
көрілім
Фотосурет Sputnik.kz сайтынан

Катонқарағай ауданына қарасты елдімекенде осы тақырып бірнеше жылдан бері бас қатырар мәселеге айналған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жуықта осы жайт Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен жиында айтылды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Расул Қарабалиновтың сөзінше, бүгінде инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.  
- Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында «Қуатты өңірлер - елді дамытудың драйвері» бағдарламасы шеңберінде Катонқарағай, Топқайың ауылдарында су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту жұмыстары басталған, - деді ол.
Мәлім болғандай, Катонқарағай ауылындағы су құбырларын жөндеу жұмыстары 2023-2025 жылдарға жоспарланған. 2023 жылға: республикалық бюджеттен трансферттер есебінен 250,0 млн. теңге бөлініпті.
- Осы жылға ҚР Ұлттық қорынан 2 000,0 млн. теңге бөлінді. Топқайың ауылындағы су құбырларын жөндеудің жалпы құны: 602,865 млн. теңге; жөндеу жұмыстары 2020 жылы басталған. Биылға облыстық бюджеттен 77,779 млн. теңге бөлінді. 2024 жылы бұл жұмыстар жалғасатын болады, - деді әкімнің міндетін атқарушы.
Асыл АЙТБАЕВ