Тосыннан тексерісжүргізілмек

355
көрілім

Облыс әкімі "Қызыл Ту" паром өткелінде тосыннан тексеру ұйымдастыруды тапсырды.

Азаматтарды жеке қабылдау кезінде өңір басшысы Даниал Ахметов паром қозғалысы кестесінің жүйелі түрде бұзылып отырғанын білді.

- Жаз бойы адамдар осы мәселе бойынша шағымданғанымен, ешкім ешқандай шара қолданбады. Арнайы комиссия құрып, тосыннан тексеру жүргізіңдер. Жүру кестесі сақталмаған болса, арадағы келісімшартты бұзыңдар. Сондай-ақ осы мәселеге жауапты басшылардың да жұмыстарын тексеріңдер, - деген облыс әкімі Даниал Ахметов қоластындағыларға нақты тапсырма берді

Ерлен ОСМАНОВ