Тұғыл ауылында спорт кешені салынып жатыр

638
көрілім
Фотосурет Turkystan.kz сайтынан

Аудан әкімі Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, «Ауыл - Ел бесігі» жобасы биыл да ауқымды жұмыстың тиегі ағытылуына негіз болмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұған түлектердің үлесі бар көрінеді.
- Қайта түлеген Тарбағатайымызды дамытуға ауданымыздың түлектері де үлкен қолдау көрсетті. Атап айтқанда, Бауыржан Қожахметов Маңырақ ауылына жалпы сомасы 300 млн. теңге болатын спорт кешенін салып берді. Биыл Тарбағатай ауданының мәдениет және спорт саласына 19 жобаға 1 243,4 теңге қаражатты игеру жоспарлануда, - деді Дархан Шомпайұлы.
Атап айтқанда, Тұғыл ауылында өткен жылы жалпы құны 922,0 млн теңге тұратын спорттық-сауықтыру кешені құрылысы басталды. 2023 жылы 450,0 млн. тг. қаражаты игерілді. «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл қалған 471,9 млн теңгесі игеріліп, жоба толық аяқталған екен.

Әділхан ЕСІМХАНОВ