Тұрғындардан заңсыз сақталудағы атыс қаруларын сатып алу науқаны жүргізілуде

2439
көрілім

Елімізде халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы науқан жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған байланысты, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригадасында Өскемен гарнизоны әскери полиция қызметкерлері Өскемен қаласы полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымының аға инспекторы полиция капитаны Айдар Манженовтың қатысуымен гарнизонның әскери қызметшілерімен заңсыз сақталудағы қаруды сатып алу жөнінде түсіндірмелік жұмыстар өткізілді.
Аталған науқанның мақсаты әскери қызметшілер мен азаматтық персоналға атыс құралдарын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру тәртібін түсіндіру болып саналады.
– Іс-шара аясында әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстерінің қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру нормалары түсіндірілді. Аталған науқан ерекше өкімге дейін жалғасады,– дейді Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімі анықтау және іздестіру бөлімшесінің офицері әділет аға лейтенанты Қайсар Ахметов.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі