Түркиядағы жел сілкінісінен қаза болғандар саны 17 674-ке жетті

4718
көрілім

Ал зардап шеккендер саны - 72 879. Сирияда 1347 адам өлім құшқан.

Қазіргі күні апат аймағында 56 елден арнайы келген 6479 құтқарушы жұмыс істеуде. Үйінділер астында қалған азаматтарды іздеу мақсатында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан Төтенше жағдай министрліктерінің құтқарушылары да жұмылдырылған.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған қаза болғандарды еске алу мақсатында жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Ел жалауы Түркияның барлық аймақтарында жартылай түсірілді. Осындай жел сілкіністері Түркиядан бөлек, Сирия, Ливан, Солтүстік Кипр, Ирак аймақтарында да сезілген.

Еске сала кетейік, жапа шеккендер арасында біздің отандастарымыз да бар. Сабина Мамадьярова жеңіл қол жарақатын алса, Мирбола Құрмашев пен Әділ Қадірбеков көз жұмған.

Анель АБЗАЛБЕКОВА