Түрмедегі сотталушы коронавирусқа қарсы өлең шығарды

382
көрілім

Сотталушы Манарбеков халықты короновируспен күресуге шақыру үшін «Дертке қарсы үндеу» атты өлең жазды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  


Елдегі, әлемдегі ахуал Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ-156/18 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адамды бей-жай қалдырмады.  Жерлестеріне қолдау білдірген сотталушы өлең шығарған.
Дертке қарсы үндеу
Әлемді дүрліктірген бұл бір індет,
Ауырғандар өсе берді күннен күнге
Қалың қытай арасынан жарқ ете қап,
«Назар сал!» – деп үндегендей оңбаған дерт.

Қазағым, қалың елім қарашығым!
Рухты елім, ешкім жетпес дара шыңың!
Келгенменен бұл ауру біздің жайға,
Сабыр сақта, қорықпа елім, жұртым.

Біз жеңеміз бұл дертті, Алла бізбен!
Тек сабырлық сұрарым сізбен бізден.
Текті елдің ұрпағы сізге сынақ,
Бабаларым аштықтың өзін жеңген.

Еңсеңді еш түсірме қандас бауырым,
Қамданайық дертке қарсы қару қамын.
Жақсы нарсе ойласақ болары хақ,
Жұмылып жұдырықтай барша қауым.

Коронавирус жолама,
Жасқа, кәрі-балаға,
Бір Аллам өзің сақтай көр,
Баршаны алып панаңа!