Тыйым салынбақ

558
көрілім

Қыркүйек айынан бері мектептерде ақша жинауға қатысты арнайы акция өтуде. Оны облыстық Білім басқармасы жобалау офисімен бірлесе өткізуде. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің Астана қалалық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева көп жағдайда мектептерде ақша жинауға ата-аналардың өздері түрткі болатынын айтуда, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

- Ақша көп жағдайда ата-аналар комитеті арқылы жиналады. Осы себепті жобалау офисі Білім және ғылым министрлігіне ресми емес түрде ақша жинауға негіз болатын ата-аналар комитеттерін құруға тыйым салу жөнінде ұсыныс енгізді, - дейді Агенттік өкілі.

Ол сондай-ақ мектептерде қандайда бір ақша жинау жөнінде фактілер анықталса, білім ордасы басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданатынын жеткізді.

Қоса кетсек, мұндай мәселемен бетпе-бет келген ата-аналар +7 (7172) 55-68-73 немесе +7 775 160 55 32 телефондарына қоңырау шалып хабарласуларына болады.

Ерлен ОСМАНОВ