ҰБТ-ға қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды

43
көрілім

ҰБТ-ға қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында ҰБТ-ға өтінімдер келесі қатысушылардан қабылданды:

- қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілерінен;

- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілерінен;

- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының бітірушілерінен.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 10 мамыр мен 5 маусым аралығында ҰБТ-ға өтініштер қабылдау жалғасады. Бірақ құжаттарды келесі санаттағы бітірушілер ғана тапсыра алады:

- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ азаматтар.

Айта кетейік, ҰБТ 2019 жылғы 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Маусым айындағы ҰБТ сертификаты білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдануға мүмкіндік береді.