Ұлан ауданы аумағында бағалы металдар заңсыз өндірілген

462
көрілім
Фотосурет Egеmen.kz сайтынан

Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бағалы металдарды іздеу үшін тиісті лицензиясыз жер қазумен заңсыз айналысқан екі топ анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы мақсат үшін кеншілер 4 металл іздегіш пайдаланған, кейінірек олар тәркіленді.
- Сонымен қатар, жайылымдық жерлерде арнайы техниканы пайдаланып, жер қойнауын заңсыз өндіру салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіру фактісі тіркелді, - делінген облыс прокуратурасы ұсынған мәліметте.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін полицияға жіберілді. Бұл ретте полицейлер жайылымдық жерлерді пайдалану кезінде зардап шеккендерді анықтау шараларын жүргізуде.
- Прокуратура органдары жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша қарқынды жұмысты жалғастыруда, - делінген ақпаратта.