Ұлан ауданы тұрғынының үйінен заңсыз сақталған мылтықтар табылды

6705
көрілім

Өңір полицейлері сот санкциясымен тінту жүргізу барысында Ұлан ауданы тұрғынының үйінен заңсыз сақталған атыс қаруының бірнеше түрі мен оның оқ-дәрілерін тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәркіленген 4 мылтықтың ішінде:

- оқпанды қолдан қысқарту арқылы жасалған 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтың бір кесіндісі;

- калибрі 5,6 мм «ТОЗ» маркалы бір ойық мылтық;

- 16 калибрлі екі тегіс ұңғылы мылтық.

- Аталған факті бойынша 54 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қнің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазір уақытта тәртіп сақшылары бір уақытта ер адамның қару-жарақты қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.