Ұлан ауданында Арыс қаласынан келген жеткіншектер армансыз демалып қайтты

810
көрілім

Арыс қаласының бүлдіршіндері жаз бойы облыстағы бірнеше өңірде демалды. Соның бірі Ұлан ауданындағы балалар жазғы лагерлері арыстық бүлдіршіндердің көңілінен шыққан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Еске сала кетсек, маусым айының соңында Арыс қаласында жұрт күтпеген қайғылы жағдай орын алған еді. Әскери қоймадағы жарылғыш заттар жарылып, тұрғындардың үйлері, ғимараттар бұзылды. Әсіресе балаларға бұл күн ауыр тиген. Сондықтан республиканың әр өңірінде жазғы лагерлер ұйымдастырылған.

 

– Арыстан келген жас жеткіншектер Ұлан ауданында 23 күн демалды. Шығыстың әсем табиғаты мен қонақжайлығы балаларға ұнағанына сенімдімін. Қонақтарымыз біздің өңірдің тарихи-мәдени мұраларымен танысып қайтты. 48 баланың демалысын мазмұнды, қызықты өткізуге барлық жағдай жасалды. Алыс жол алдында мен өз атымнан және ұландықтардың атынан балаларға ақ жол тіледім, – деді Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ