Ұлан ауданында еркін күрестен республикалық турнир өтті

535
көрілім

Қазан айының 20-22 аралығында Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мэлс Наримановты еске алуға арналған еркін күрестен V Республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Жарыс  2006-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында өрбіді. Бозкілем бәсекесіне еліміздің бірқатар қалалары мен аудандарынан 12 команда, 100-ден астам спортшы қатысты. Өскеменнен келген төрт палуан жеңістің ең биік сатысынан көрінді. Бұдан бөлек, Катонқарағай, Алтай, Ұлан аудандарынан және Павлодар қаласынан келген спортшылар топ жарды.


Төменде өз салмақтарында топ жарып, Спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындаған қатысушылар тізімін ұсынамыз:
1 орын
41 кг. Ерул Жеңіс – Өскемен қаласы;
44 кг. Ералы Амангелді – Қатонқарағай ауданы;
47 кг. Әсет Амангелдин – Өскемен қаласы;
52 кг. Байыр Оңалбаев – Алтай ауданы;
57 кг. Мадияр Аманжолов – Павлодар қаласы;
62 кг. Ерасыл Кенжеғазы – Өскемен қаласы;
68 кг. Нұрасыл Жәнібеков – Өскемен қаласы;
75 кг. Данияр Баубеков – Ұлан ауданы;
85 кг. Арман – Өскемен қаласы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, мадақтама қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.