Ұлан ауданында интернет тартатын мұнара қойылды

4690
көрілім

Енді аудандағы интернет жылдамдығы төмен екі бірдей ауыл ғаламторға қосылу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан басшылығы «Қазақтелеком» АҚ-ның Шығыс Қазақстан техникалық тармағы жергілікті жүйелер директоры Ғазинұр Раимхановқа алғыстарын білдіруде.

– Ізғұтты Айтықов және Бестерек ауылдарының тұрғындары интернет желісіне қосылу үшін І.Айтықов ауылына іргелес биік таудың басына (550 метр) аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес және «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен арнайы мұнара қойылды. Енді жерлестеріміз интернет желісіне қосылып, толыққанды пайдалана алады, – деп жазылған аудан әкімдігі берген мәліметте.