Ұлан ауданында қай ауылдарға ғаламтор желісі тартылмақ?

425
көрілім

Ұлан ауданындағы бірнеше ауылға ғаламтор желісі мен көше жарығы орнатылады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өткен жылы Ұлан ауданында ұялы байланыс және ғаламтор желісін орнату қарастырылмаған. Ағымдағы жылы Асубұлақ, Тарғын, Бозанбай, Ұлан ауылдарына кең жолақты ғаламтор желісін орнату жоспарланған.

Сонымен қатар Ново-Одесское ауылындағы Образцовая көшесін жарықтандыру, Тарғын ауылындағы І.Айтықов, Огневка кентінің Набережная көшелеріне көше жарығын орнату көзделіп отыр.