Ұлан ауданында кәсіпкер үйі өртенген жалғызбасты анаға 500 мың теңге бөлді

508
көрілім
Шартты фотосурет

Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының мәлімдеуінше, аталған қаражат жалғызбасты ананың үй алуына бөлінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. "Восток-молоко" ЖШС бас директоры Сейлжан Сайлаубаев Донское ауылының тұрғыны, "Украинка" шаруа қожалығының сауыншысы, үйі өртеніп кеткен жалғыз басты ана Айсұлу Айтказинаға үй алу үшін *500 мың теңге бөлген. Бұған қоса басына іс түскен жанға ауылдастары да көмек қолын созудан шет қалмаған. – Катон-Қарағай ауданынан ауылдастары 100 мың теңге ақшалай көмек көрсетті. Қазіргі қиын жағдайда қолұшын созып, қолдау көрсету үлкен мәртебе.Осындай игі істер адамдардың бір-бірлеріне деген тілеулестіктерін көрсетеді. Ауданымызда әрқашанда осындай жанашыр, түсіністікпен қарайтын адамдар көп болсын! – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрхат Садықов.