Ұлан ауданында құтқарушылар боранда қалған ауыл тұрғындарына көмектесті

41
көрілім

Ұлан ауданында құтқарушылар қатты соққан бораннан үйлеріне қайта алмай қалған тұрғындарға көмектесті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Соңғы күндері Шығыс Қазақстанда қардың толассыз жауып бұрқасындатқаны сонша жолдар бірінен соң бірі жабылуда. Ұлан ауданына қарасты ауылдардың бірінде орналасқан шаруа қожалығында еңбек ететін жұмысшылар азық-түлік алу үшін аудан орталығы Қасым Қайсенов кентіне аттанған. Алайда боран күшейіп олар кері қайта алмаған. Осының салдарынан қожалықтағы мал еш қараусыз қалыпты. Мұны естіген аудан әкімінің орынбасары облыстық Төтенше жағдайлар басқармасына хабарласып көмек сұраған.

«Қар аралас боранның қаттылығына қарамастан құтқарушылар «ТРЭКОЛ» маркалы жол талғамайтын көлікпен шаруа қожалық жұмысшыларын ауылға жеткізіп тастады. Зардап шеккен ешкім жоқ» деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.