Ұлан ауданында жоғалған бала табылды

7085
көрілім

Үйінен үш шақырым жер ұзап кеткен жеткіншек табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкері Айдар Дүйсенбаев 3 жасар Әділхан Сейсембайды тұрғылықты жерінен үш шақырым жерден тапты.
- Қазіргі уақытта бала ата-анасымен бірге үйінде. Іздеу жұмыстарына көрсеткен көмегі үшін барлық тұрғындар мен азаматтарға зор алғыс білдіреді, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.