Ұлан ауданында жол-көлік апатынан 7 адам зардап шекті

221
көрілім

Ұлан ауданында орын алған көліктердің қақтығысу себебі анықталуда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО ПД хабарлағандай 28 қыркүйек күні Ұлан ауданындағы Сағыр ауылы маңындағы тасжолда екі көлік соқтығысты.

– «Chevrolet» көлігін тізгіндеген 38 жастағы еркек қарсы жолға шығып кетіп, «Toyota» көлігімен тура қақтығысқан. Жол апатынан 7 адам жарақат алып, дәрігерлік көмекке жүгінді, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.