Ұлан ауданында «Жомарт жүрек - 2019» сыйлығының лауреаттары марапатталды

516
көрілім

Ұлан ауданында «Жомарт жүрек- 2019» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ауданымыз қай заманда өзінің ақиық ақындарымен, білекті батырларымен дараланған. Ал бүгінгі күннің батырлары, өзінің қолынан келген жақсылықтарын ағайындарынан аямай көмек көрсетіп отырған жандар. Ұлан ауданында туған бірқатар азаматтар бүгінде мектептерге, балабақшаларға, көпбалалы, жалғыз басты аналарға, тұрмыс деңгейі төмен жандарға, мүгедек жандарға көмек көрсетуде, - дейді Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Оның айтуынша, «Қамқор ұлан» қоры арқылы Бозанбай және Мамай батыр ауылдарында көпбалалы жанұяларға баспана берілсе, өз қаржыларына «Багратион» шаруа қожалығының басшы Александр Воропай, «Қайрат» шаруа қожалығының басшысы Асват Усмаев, «АгроБам» шаруа қожалығының басшысы Жақсылық Касенов, «Иртыш» ЖШС басшысы Анатолии Барков өздерінде жұмыс істейтін көпбалалы аналарға үй алып берген.

- Одан басқа, үлкен іс-шараларға ат салысып жүрген Сейльжан Сайлубаев, Клименко Трофим Михайловичтің 100 жылдығын өз қаражатына жоғарғы деңгейде атап өтті. Айта берсек өте көп. Әрдайым іс-шаралардан қалмайтын құс фабрикасы да бар. Осы жұмыстарыңыз ары қарай жалғасын таба берсін дегім келеді, - дейді аудан басшысы.