Ұлан ауданында жылқы ұрлаған ер адам сотталды

637
көрілім

Ұлан ауданы, Жаңа-Қанай ауылындағы шаруа қожалықтарының біріне ұрлық жасау ниетімен келген еркек бір жылқыны айдап әкеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Осының салдарынан мал иесіне 350 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді. Арыз түскен соң полицейлер күдіктіні тауып, тергеу амалдарын жүргізген. Көп ұзамай іс Ұлан аудандық сотына жетті. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады.

Сот үкімі бойынша ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан шектелді.