Ұлан ауданындағы барлық балабақша жылумен қамтылды

669
көрілім

Аудандағы бірқатар білім ордалары қысқы жылыту маусымына қызу дайындық үстінде. Осыған байланысты аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов мектеп пен балабақшалардағы жұмыс барысымен танысып қайтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Жылу беру маусымына дайындық және көмірді жеткізуге келер болсақ, 1 қазаннан бастап ауданның барлық балабақшаларына толығымен жылу берілді. Ауа райының жағдайына байланысты ауданның барлық мектептеріне және басқа да әлеуметтік нысандары мен көпқабатты тұрғын үйлерге
жоспарлы түрде жылу берілуде, – деді Нұрымбет Аманұлы.

Бұдан бөлек ауылдарды аралау барысында Мамай Батыр ауылындағы М.Ломоносов атындағы орта мектеп пен Сағыр ауылындағы А.Пушкин атындағы орта мектептің жылу беру жүйесін тексерді.

Айта кетейік, 1 қазаннан бастап әлеуметтік нысандар жылытылуда.