Ұлан ауданындағы бірнеше ауыл сапалы ауызсумен қамтылмақ

371
көрілім
Фотосурет egemen.kz сайтынан

Қазіргі уақытта Ұлан ауданы бойынша 47 елді мекеннің 34 пайызы сапалы ауызсумен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімдігі берген ақпаратқа сүйенсек, 2019 жылы аудан бойынша ұзын-ырғасы 10 елді мекенде су берудің блок-модульді стансалары орнатылған. Атап айтсақ: Азовое, Жантас, Манат, Сарыөзек (17 шақырым), Желдіөзек, Мирное, Бурсақ, Бетқұдық, Смолянка, және Казачье ауылдары. Одан бөлек, блок-модульді 10 станса орнатылғалы бері аудандағы елді мекендердің 55,3 %-ы сапалы ауызсумен қамтылды.

Белгілі болғандай, 2019 жылы Герасимовка және Тарғын ауылдарындағы су құбыры желілері мен ғимараттары құрылысының бастамасына республикалық қазынадан тиісті қаражат бөлінген. Нысандардағы құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталмақ.

Нұрбек АСҚАРОВ