Ұлан ауданының екі ауылында сумен жабдықтау желілерін салу құрылысы жүргізілуде

361
көрілім
Шартты фотосурет

Өткен жылы республикалық бюджет есебінен пайдалануға енгізілуі 2020 жылға жоспарланған Қасым Қайсенов кентінде тұрғын үй салу нысандарының құрылысы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімдігі берген ақпаратқа сәйкес, 2019 жылы аудан орталығында екі 40 пәтерлі тұрғын үй салу, Тарғын ауылында сумен жабдықтау желілері мен ғимарат құрылыстарын салу нысандарының құрылысы жүзеге асырылуда. Дәл осындай жұмыс Герасимовка ауылын да қамтыған. Анығы сол, жауапты тұлғалар пайдалануға енгізілуі 2021 жылға жоспарланған жұмысты мерзімінен бұрын бастап кеткен. Сондай-ақ 2021 жылға дейін Қасым Қайсенов кентінде 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жұмысы жоспарға алынды.

Нұрбек АСҚАРОВ