Ұлан ауданының спортшысы армрестлинг бойынша Әлем Чемпионатында «алтынға» қол жеткізді

1025
көрілім
Фотосурет - sportvko.gov.kz сайтынан.

Шығыс Қазақстан облысы, Макеевка ауылының тумасы Деши Дурсаева Венгрия мемлекетінің астанасы Будапешт қаласында армрестлингтен өтіп жатқан Әлем Чемпионатында «алтын» алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі sportvko.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

2017 жылдың Азия Чемпионы, ҚР Чемпионатының «күміс» жүлде иегері, спорт шеберіне үміткер Деши Дурсаева Әлем Чемпионатында 1-ші орынға ие болды. Сол қолмен қол жығыстыру жарысында біздің спортшыға тең келер ешкім болмады.

Дәл осы жарыста өз салмағында Ұлан ауданының тумасы, екі дүркін Әлем Чемпионы, үш дүркін Азия Чемпионы, бес дүркін Қазақстан Чемпионы Ораз Басаров 2-ші орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, бүгінде Венгрия елінде армрестлинг бойынша үлкен халықаралық жарыс өтуде. Әлем Чемпионаты 2-ші қыркүйекте Будапешт қаласында басталып, қыркүйек айының 11 жұлдызына дейін жалғасын табады.