Ұлан ауданының тұрғыны марихуанамен ұсталды

386
көрілім

Наурыз айының ортасында құзырлы орган өкілдері  Логвин көшесінде  LADA» автокөлігін тізгіндеген 41 жастағы Ұлан ауданының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Аталған шара аясында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ бөлімшесімен және Өскемен қаласындағы ПД кинологиялық орталығымен бірлесіп қатысқан.
Ұсталған адамды тінту кезінде күртешесінің қалтасынан өсімдік тектес заты бар 2 түйіншек табылып тәркіленді. Сарапшы қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 1,322 грамм кептірілген марихуана есірткісі болып шықты.
– Сондай-ақ ер адамның үйін тінту барысында қорасынан өсімдік тектес заты бар 5 полимерлі түйіншек табылды. Сараптама нәтижесі табылған заттың жалпы салмағы шамамен 500 граммды құрайтын кептірілген марихуана екендігін көрсетті, – делінген мәліметте. – Күдікті қамауға алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.