Ұландық Ерлан Юсупов елордада марапатталды

712
көрілім
http://static.buqara.kz/uploads/images/normal/fa6743ca4079f59bb3f9c42ca171e7aa.jpeg

Ұлан ауданы Сағыр ауылының тумасы Ерлан Юсупов елордада «ҚР жоғары ұлттық дәрежедегі төреші» марапатына ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз жамбу ату бойынша нысана ілініп тұрған үш тал қылды қиып түсірген жұмыр жердегі жалғыз пенде. Бұл нәтижені осыдан бірнеше жыл бұрын Қызылордада өткен ат спорт фестивалінде тіркеген болатын. Анығы сол, әзірге бұл әрекетті қайталаған ешкім жоқ. Ерлан Иманханұлы мергендігінен бөлек көкпар тартудан да қаражаяу емес. Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазмедиа орталығының концерт залында Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен «Алтын тұғыр-2019» атты ұлттық спорт түрлері үздіктері мараппаталды. Олардың ішінде жерлесіміз Ерлан Юсупов та болды.

Көкпаршының бұл спорт түріне төрелік етуі 2017 жылы басталған. Жемісті еңбегі арқасында «ҚР жоғары ұлттық дәрежедегі төреші» атағына қол жеткізді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ