Ұландық тұрғыннан қолдан жасалған тапанша тәркіленді

11409
көрілім
Шартты фотосурет

Қаңтар айының соңында Ұлан аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары Пролетарка ауылының 59 жастағы тұрғынынан бір оқпен оқталатын тегіс ұңғылы тапанша тәркіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Белгілі болғандай, аталған қару 5,6 мм калибрлі дөңгелек патронға арналып қолдан жасалған. Тапаншаның ақауы жоқ әрі атуға жарамды. Сондай-ақ 37 спорттық және аңшылық атыс қаруларына арналған оқ-дәрілер тәркіленді.
– Оқ-дәрілер зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды. Ал аталған қарудың қайтыс болған немере ағасынан қалғаны анықталды. Ағасы қаруды шамамен 2010 жылы табыс еткен болып шықты. Айыпты қару иесі ретінде есепте тұрмайды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.