Ұландық жеті дүркін Әлем чемпионы коронавируске қатысты жерлестерін сабырға шақырды

425
көрілім

Қол күрестен жеті мәрте әлемдік аламанда үздік шығып, халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген Ораз Басаров қатерлі дерттен қаймықпай, сабырлылық танытуға шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ақпарат Ұлан ауданы ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан алынды. Ораздың жанына топталған волейбол және бокстан облыстық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп жүрген жастар да тілеулестіктерін танытуда.

– Баршаңызды әлемде және елімізде болып жатқан коронавирус дертіне байланысты болып жатқан түрлі дүрбелеңдер кезінде сабырлылық танытуға шақырамын. Спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, қазіргі көктем уақытында көбірек дәрумендер тұтынуға, таза ауада жиі серуендеуге кеңес беремін, – дейді Ораз Басаров.