Ұландықтар есінен танып қалған жүкті әйелді құтқарып қалды

656
көрілім

Қазіргі уақытта әйелдің денсаулығы бір қалыпты.

Бүгін сағат 9:30 шамасында Семей қаласындағы Би-Боранбай көшесі бойында келе жатқан жүкті әйел кенет есінен танып, құлап қалады. Дәл осы сәтте  құлап жатқан әйелді тәуліктік кезекшіліктен шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан  5511 әскери бөлімінің  3 әскери қызметкері байқап қалады. Ұландықтар  дереу көліктерін тоқтатып, 103 каналына хабарласқаннан кейін, уақыт жоғалтпастан  талып жатқан әйелге алғашқы медициналық көмек беруге кіріседі.Әйелдің есін жиюға көмектесу барысында оның «Идиопатиялық эпилепсия»  диагнозымен  есепте тұрғаны белгілі болады, - делінген
Жедел жәрдем келе сала әйелді бірден қалалық перенаталдық орталығына  алып кетеді. Қазіргі уақытта әйелдің денсаулығы бір қалыпты.

Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы