Үлбі жағалауында белгісіз біреу қайың ағаштарын кесіп тастаған

302
көрілім

Мәліметтер әрі қарай тексерілуі үшін Глубокое аудандық полиция бөліміне тапсырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Степное ауылының тұрғыны мемлекеттік орган қызметкерлеріне Үлбі жағалауында белгісіз біреу қайың ағаштарын кесіп тастағанын хабарлаған.
– Тексеру кезінде заңсыз кесілген ағаштың жалпы көлемі 4 текше метрді құраған. Табиғатқа келтірілген залал 12 мың теңгеге жуық, – деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары.