Үлкен Нарын ауданында балаларға арналған оңалту орталығы ашылады

172
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
670 адамға арналған орталық Үлкен Нарын ауылдық округіндегі жаңа емхананың базасында орналасады, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде болашақ орталықтың эскизі дайын, жалпы жоба жоспар
ы наурыз айында жасалған. Орталық 29 маманды, оның ішінде үш дәрігерді оқытуды жоспарлауда. Оқыту көшпелі түрде өтеді,  шығындар "Қазақстан халқына" қоры есебінен. Сондай-ақ ұлттық  қор орталықты оңалту қызметтерін көрсетуге арналған жабдықтармен және мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етеді. 
- Оңалту орталығы жылына 670 баланы қабылдауға қауқарлы. Бұның ауданның дамуына үлес қосары анық. Яғни көршілес Катонқарағай, Марқакөл, Зайсан, Күршім аудандарынан оңалту шарасын қабылдауға ерекше балалар, олардың ата-аналары мен туыстары келеді. Ауданға келушілердің санын арттыратын шағын бизнес десе де болады, - деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметов.
Орталық пациенттерге үш сатылы оңалтуды ұсынатын облыстағы екінші емхана болмақ. Біріншісі Өскемендегі Ана мен бала орталығының базасында жұмыс істейді.