Ұлттық ұлан әскери қызметкері III дәрежелі Айбын орденімен марапатталды

411
көрілім

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 5511 әскери бөлімінің әскери қызметкері қатардағы Мұхтар Үсенов ІIІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.
Мұндай жоғары дәрежелі марапатты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыс етті.
Мұхтар Үсенов қаңтар оқиғасы кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында қолына қару алып алаңға шыққандардың бірі оның тура аяғына атып, оқ жарақатымен ауруханаға түскен болатын.

Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы