Ұлттық ұлан сақшылары көлік ұрлаған тұрғынды ұстады

377
көрілім

Павлодарда теміржол вокзалы аумағында кезекті патрульдік қызметте жүрген 5512 әскери бөлімінің сақшылары көшеде мас адамша қисалаңдап жүрген адамды байқап қалады.
Ескерту жасағанға ашуланып, бейәдеп сөздер айтқан тұрғынды тоқтатқан сақшылар азамат К-ның құжаттарын тексеру барысында оның бұрын соңды ҚР ҚК 160 бабы, 1 тармағы бойынша сотталғанын, ал, қазір «Camry» автокқдігін ұрлау дерегі бойынша іздеуде жүргені анықталады.Күдікті бірден Павлодар қалалық полициясының  №4 учаскелік пунктіне жеткізілді.

Бағдат Амангелді,
 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы