Ұлылықтың ұлығысың еңселі (өлең)

799
көрілім
Фотосурет - yvision.kz.

(Абайға арнау)

Ұлылықтың ұлығысың еңселі,

Мәңгілікке құрметтеймін мен сені.

Асқар таудай ақындардың ішінде,

Ең алыбы өзіңізсіз ең сері.

 

Бойда жалын, қаламда жыр туласын,

Білем сендей алып енді тумасын.

Құндақтаған Семей неткен киелі ең

Мынау қазақ даласының тұлғасын.

 

Абай менің өлеңдегі мұңдасым,

Сырлы сөзбен сызып берем сұлбасын.

Дана ақынның жырларынан нәр алған

Бала ақынның жырын елім тыңдасын.

 

Қалармын елім кірпішің болып қаланып,

Абайдан келсе арымас маған даралық.

Онсызда бізге жол сілтеп ұдай келеді,

Алыптан қалған өлшемі жоқ даналық.

 

Шынар Тоимбаева

Ұлан аудандық «Балалар шығармашылық үйі» «Жас қаламгер» үйірмесінің шәкірті. Ұлан ауылы С. Аманжолов атындағы білім ордасының 10 сынып оқушысы. «Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі Зяшхан Құмар.