Үржар ауданы

799
көрілім

Конкурс жариялады

Үржар ауданындағы Рахмадиев атындағы Үржар балалар музыка мектебі 11 мамандық бойынша конкурс жариялап отыр, деп хабарлайды газет тілшісі аудан әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үржар балалар музыка мектебі келесі аспаптар бойынша мамандар іздестіруде: домбыра – тенор, қобыз-прима, фортепиано, шертер, қыл қобыз, баян, бас қобыз, хор дирижеры маманы, теория маманы, домра-прима және скрипка. Егер қатысуға ниет білдірсеңіз, өз өтінішіңізді Үржар ауылы, Қабанбай көшесі №58 мекенжайына өткізе аласыз. Мамандарды таңдауда қойылатын біліктілік талаптары: арнайы орта, жоғары білімінің болуы (музыкалық), сотталмаған болуы тиіс.

– Комиссия белгілеген мерзімде конкурсқа қатысу үшін мамандар конкурстық комиссия төрағасы атына тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш беруі керек. Кез келген сұрақтарыңыз болса, 8(72230)-3-51-84, 8(72230) 3-35-98 телефон нөмірлеріне хабарласа аласыз, – делінген аудандық сайттағы ақпаратта.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ