Үржар ауданында Абай Құнанбайұлына кеудемүсін орнатылды

845
көрілім

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Үржар ауданының шекара іргесінде орналасқан шалғай елдімекені – Қарабұта ауылында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның кеудемүсіні орнатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бюст Қарабұта ауылының орталығындағы Абай көшесінің бойына қойылды. Құны 1 млн. 700 мың теңге болатын кеудемүсіннің орнатылуына үржарлық жеке кəсіпкер, белсенді азамат Марат Бекбаевтың демеушілік жасағанын айта кеткен орынды.