Үржар ауданында ауыл шаруашылығы өсімі байқалады

962
көрілім

Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин журналистермен өткен брифингте өңірдің әл-ауқатымен таныстырып, ауыл шаруашылығы саласына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ауыл шаруашылығы саласы ауданда алдыңғы қатарға қойылған саланың бірі. Бүгінде оның өнімінің жалпы көлемі 16 млрд.990 млн. 200 мың теңгені құраған. 2019 жылдың 1 тамызында ірі қара мал саны 122852 бас, қой-ешкі 249515 бас, жылқы 33075 басқа өскен.

– Қазіргі күнде аудан Қытай, Өзбекстан сияқты жақын шет мемлекеттерге 132 тонна ет экспорттады. Бұл жақсы көрсеткіш. Бұдан басқа омарта шаруашылығында жоғары қарқын байқалады. Өңірде 130 омарта шаруашылығы сапалы бал дайындаумен айналысып, биылғы жылы 200 тоннаға дейін жетті, – дейді аудан әкімі Серік Зайнулдин.

Сонымен қатар ауданда егістік жер көлемі молаюда. Дәнді, майлы дақылдар мен бақша өнімдерінің өнімі 100,3 пайызды көрсетті.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ