Үржар ауданында бір күн ішінде 22 тонна мал азығы өртеніп кеткен

716
көрілім

Кеше Үржар ауданында екі өрт оқиғасы орын алған. Соның нәтижесінде, Көктерек және Науалы ауылдарында 22 тонна шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші өрт Көктерек ауылында болды. Жеке тұрғын үйдің ауласынан шыққан тілсіз жау 20 тонна шөпті өртеген. Өртті залалсыздандыруға қатты соққан жел біршама кедергі келтірді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қосымша өрт сөндіру жасағын шақыруға мәжбүр болған. Бірлескен күш өртті өшіріп, тілсіз жаудың жақын маңдағы шаруашылық нысандарын шарлауына жол бермеді.

Екінші өрт оқиғасы Науалы ауылының маңайындағы жолда шөпті тасымалдап келе жатқан Трактордың тіркемесінде шыққан. Соның нәтижесінде 2 тонна шөп отқа ораныпты. Өрттің себебі — ұшқын сөндіргіш құрылғының жоқтығынан болуы мүмкін.