Үржар ауданында бірнеше ауылдың көшелері жөндеуден өтпек

393
көрілім

2019 жылы аталмыш ауданда жергілікті маңызы бар жолдардың бірқатарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, үстіміздегі жылы да ауқымды шаралар жүзеге асқалы отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өткен жылы Барқытбел-Қарабұйрат, Көктерек-Қайыңды-Қызылбұлақ, Сегізбай ауылдарына кіреберісінің жолдары жөндеуден өткен. Жергілікті маңызы бар «Үржар-Қызылту», Барқытбел-Қарабұйрат, Ақжар-Амангелді-Қарамойыл, Бестерек-Ер Қабанбай, Қарабұта-Ақшоқы жолдарының беткі төсенішін қырып, тегістеу жұмыстары жүргізілген. Аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков берген ақпаратқа сүйенсек, Үржар ауылындағы аудан тұрғындарынан келіп түскен өтініштерге сәйкес 26 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Мәлім болғандай, 2020 жылы жергілікті маңызы бар Үржар-Қызылту тасжолының 9,5 шақырымы, Таскескен-Бақты-Қарабұта бағытының 22 шақырымына, сонымен қатар Үржар ауылының 32,1 шақырымдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бұдан бөлек, биылғы жылы Алтыншоқы ауылының 3,8 шақырымдық және Шолпан ауылының 3,4 шақырым көшесі де жөндеу көрмек.

Нұрбек АСҚАРОВ