Үржар ауданында Мәдениет үйі жөнделді

4537
көрілім

Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Тоқсейтов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Келдімұрат ауылындағы Мәдениет үйіне толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында ауыл халқының игілігіне берілген нысанның жұмыстарымен танысып, округ әкімдігіне қосымша тапсырмалар жүктедім, – деді Нұржан Тлеужанұлы.