Үржар ауданында жер сілкінді

108
көрілім

Сейсмикалық стансалар мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің эпицентрі Үржар ауданында тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС дерегінше, жерасты дүмпулері наурыз айының 6-сы күні түнгі сағат 03:26-да байқалған.

– Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының солтүстік-шығысынан 538 шақырым жерде орналасқан, – делінген хабарламада.

Картаға зер салсақ, жер сілкінісінің эпицентрі Үржар ауданында тіркеліп, магнитудасы 3,7 баллға жетті.