Үржар ауданында жолаушылар жағдайын қадағалайтын топтар құрылды

87
көрілім
Шартты фотосурет

Аудандық ішкі саясат бөлімі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта ауданға кірер жолдар ашық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, үржарлықтар коронавирус пандемиясына қарсы кешенді жұмыстар жүргізуге білек сыбана кірісіп, жауапты тұлғалар жағдайды өз бақылауларына алған.

– Аудан аумағына қарасты 0-92 шақырым учаскесінде ауданға сырттан келетін автобустар мен көліктер жолаушыларын тексеретін арнайы құралдармен жабдықталған жұмыс топтары құрылып, алдын-алу шаралары жүргізілуде. Алаңдауға еш негіз жоқ, – дейді аудандық ішкі саясат бөліміндегілер.