Үржар ауданындағы 7 орта мектептің директорлығына конкурс жарияланды

1331
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының білім бөлімі бірнеше орта мектептің директорлық лауазымдық қызметіне конкурс жариялайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Үржар ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

1.ШҚО,Үржар ауданы, Лайбұлақ ауылы, «Лайбұлақ орта мектебі» КММ директоры;

2.ШҚО, Үржар ауданы, Науалы ауылы, «Науалы орта мектебі» КММ-нің директоры;

3.ШҚО, Үржар ауданы, Ақжар ауылы, «Б. Турлыханов атындағы орта мектеп-бақша» КММ-нің директоры;

4.ШҚО, Үржар ауданы, Барқытбел ауылы, «Барқытбел орта мектеп-бақша» КММ-нің директоры;

5.ШҚО, Үржар ауданы, Қарабұлақ ауылы, «Қарабұлақ орта мектебі» КММ-нің директоры;

6.ШҚО, Үржар ауданы, Қаратал ауылы, «Қаратал орта мектебі» КММ-нің директоры;

7. ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры;

Лауазымдық жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 107 797-ден 137 484-ке теңгеге дейін болады. Конкурсты өткізу мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 жұмыс күні өткен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: Үржар аудандық білім бөлімі. Мекен-жайы: ШҚО, Үржар ауданы Үржар ауылы Жамбыл көшесі №19, 2- қабат.