Үржар ауданындағы амбулатория құрылысына 200 млн теңге бөлінбек

605
көрілім
Шартты фотосурет

Осы жылы Үржар ауданында 43 инфрақұрылым жүзеге асырылмақ. Соның бірі жаңадан бой көтеретін амбулатория құрылысы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы аудан басшысы Нұржан Тоқсеитов мәлімдеді. Жауапты тұлғаның сөзінше, жуырда Үржарға арнайы атізін салған облыс әкімі Даниал Ахметов бірқатар тапсырмалар берген.
– Облыс басшысы диқандармен кездесіп, егістік науқанының дайындығымен танысты. Бұдан кейін Даниал Кенжетайұлы аудандық орталық ауруханада болып, аудан әкімдігінде "Жұмыспен қамту жол картасының" жүзеге асырылуы бойынша жиын өткізді. Биылғы жылы аталмыш бағдарлама аясында 684 жұмыс орнын ашу жоспарда бар, – деді Нұржан Тлеужанұлы.
Аудан әкімі жоспарға енгізілген жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін де тілге тиек етті.
– Алакөл жағалауындағы су құбыры, электр желілері құрылысы жақын күндері басталады. Бюджеттен жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысына 200 млн.тг. бөлінбек, – деді ол.